Сарбаздар қалай тамақтанады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамақты сапалы дайындау - бұл әскерилер асханасын дұрыс ұйымдастырудың нәтижесі. Бұл мақсатта «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде тағамдардың дайындалуының бақылауы ай сайын өткізіледі.

Бұл туралы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс шараның негізгі мақсаты – дайын тамақтың өнімділігін тексеру, тағамды дайындау кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін бақылау, сонымен қатар өнімнің нақты қалдықтарын анықтау болды. 


Тағамдарды әзірлеу барысында аспаздардың аспаздық ережелерге сәйкестігі тексеріледі және қызметшілердің тарату желілерінде тағамдарды ұйымшыл, жылдам, біркелкі беру бойынша тәжірибелік дағдылары жетілдірілді. 


Жақсы тамақтанған сарбаз – дені сау сарбаз, сондықтан әскердегі сарбаздардың тамақтануы маңызды үрдіс. 


Күнделікті тамақтану нормасында дені сау ағзаға қажетті ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендердің нақты мөлшерін қамтиды. 




Күнделікті тамақтанудың орташа құны 1400 теңгені құрайды, оған ереже бойынша үш тамақ кіреді, бұл таңғы ас, түскі ас және кешкі ас. Таңғы ас жарма немесе картоппен берілетін ет немесе балық тағамынан тұрады. Түскі асқа көкөністерден жасалған салат, бірінші тағам, екінші тағам, алма, апельсин немесе банан жемістері беріледі. Кешкі ас, таңғы ас сияқты, ет немесе балық тағамынан тұрады, - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының азық-түлік қызметінің бастығы подполковник Владимир Томкин. 




Тағамдар даярлығының бақылауы кезінде аспаздар технологиялық процесті, аспаздық стандарттарды, санитарлық-гигиеналық талаптарды және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтай отырып, дәмді және сапалы тамақ дайындау туралы жан-жақты ақпарат алды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы