Сарбаздар бір күнде екі бірдей алаяқты қолға түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы Бұхар-жырау көшесі бойында патрульдік қызмет атқару барысында белгісіз біреу Ұлттық ұлан сақшыларын көре сала бірден жалт бұрылып, тұра қашады. Күдіктінің бұл әрекетін байқап қалған сарбаздар оны тез арада ұстап алып, жергілікті полицияның учаскелік пунктіне жеткізеді, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтың жеке мәліметін тексеру барысында оның ҚР ҚК 190 бабының 1 тармағы бойынша 1 млн 197768 тнг.көлемінде ақша жымқырып, «Алаяқтығы» үшін іздеуде жүргені анықталды.

Дәл осы уақыт аралығында К. есімді азаматтан оның танысы 25 мың тенге ақшасын алдап әкеткенін айтып арызданады. 5512 әскери бөлімінің тәртіп сақшылары Нұрмағамбетов көшесі бойындағы автобекет аумағын патрульдеу барысында жан-жағына жалтақтап келе жатқан белгісіз біреу сарбаздарды көре сала жүрісін жылдамдатып, тез арада қышып кетуге әрекет етпек болады.

Сақшылар күдіктіні ұстап, полицияның учаскелік пунктіне жеткізді. Ұсталған азамат жеке мәліметін анықтау барысында жоғарыда түскен арызға қатысы бары анықталып, кінәсін мойындады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы