Сарбаз Ербаян Мұхтар Стамбулға емделуге жіберілді

Бұл туралы отбасының құқық қорғаушысы Инга Иманбайөзінің жеке әлеуметтік парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сарбазды емдетуге жақындары 27 қыркүйекте таңғы сегізде ұшаққа отырғызып жіберген.

Ербаян Стамбулға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз,- деді Инга Иманбай.

Естеріңізге салайық, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық гвардиясында қызмет еткен Ербаян Мұхтар коммаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұған сенбейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы