Сарайшық, Тұран, Жерұйық: Астананың 6-шы ауданына атау таңдалып жатыр
12 маусымда өткен қалалық мәслихаттың отырысында Астананың алтыншы ауданына жаңа атау ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ономастикалық комиссияның отырысында олар елорданың жаңа ауданының атауы ретінде "Сарайшық" нұсқасын ұсынды.
Сонымен қатар атаулар қатырында Тұран, Сауран, Жерұйық сияқты нұсқалар да бар.
Алматы ауданын бөлуге биылғы қаңтарда бекітілген қаланың Бас жоспары негіз болды. Жаңа ауданға Алматы ауданының 6953 гектарына тең оңтүстік бөлігін алып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы