Сарайшық ауылында археологиялық жұмыстар басталып кетті
Сарайшық ауылы тасқын судан археологиялық қазба орындарын аман сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта тарихи орында қазба жұмыстары басталып кеткен.
Жайық жағасында қазба жұмыстары жүруде. Археологиялық жұмыстарға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен 18 студент, Батыс Қазақстан облысы университетінен 22 студент, Сарайшық музейінен 3 археолог қатысуда. Қазба жұмыстары шілде айына дейін жалғасады, - деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жанат Кенжеғалиева.
Еске сала кетелік, Сарайшық ауылдық округі бойынша 13,6 шақырым бөгет соғылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цифрлы зауыт: Биыл кен өндіру жобасы іске қосылады
Өзгелердің жаңалығы