Сарапшылар тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын талқылады

Астанада «Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: проблемалары мен шешімдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев құттықтады.

БҰҰ Әйелдер ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі 736 миллион әйелдің 15 жастан асқан әрбір үштен бірі физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жыл сайын дүниежүзінде 45 мыңнан астам әйел серіктестерінің қолынан қаза табады. 155 елде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң бар, ал 140 елде жұмыс орнындағы жыныстық зорлық-зомбылық туралы заң бар. Дегенмен, бұл заңдарды орындауда проблемалар әлі де жеткілікті, заңсыз шабуылдар жиі жазасыз қалады. Бұл үлкен шығындарды – денсаулық сақтау саласына ауыртпалықты, өнімділікті жоғалтуды және сот шығындарын тудырады, - деді спикер.

Уәкіл тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қауіптілігін елемеуге болмайтынын, ол тек адамға зиян келтіріп немесе өлімге әкеліп қана қоймай, балаларды жетім күйге түсіреді әрі күйзеліске ұшыратады. Сондай-ақ спикер Қазақстанның посткеңестік кеңістікте бірінші болып (2009 жылы) тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу, оны айқындау және құқықтық жауапкершілікті белгілеу туралы құқықтық актіні қабылдағанын ерекше атап өтті.

Артур Ластаевтың айтуынша, үйдегі тирандарды жазалаумен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу мен жоюға да баса назар аудару қажет.

Білім деңгейі, құқықтық сана, гендерлік стереотиптерді жою, салауатты өмір салтын және күнделікті әдеттерді насихаттау аталған бағыттағы маңызды аспектілер болып саналады. Қоғамда зорлаушылар мен жәбірлеушілерге төзбеушілік ахуалы қалыптасып, олар әдеттегі қарым-қатынас ортасында қалыпты жағдайда болуы керек, - деді спикер.

Жиналғандар алдында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының мүшесі, криминологиялық қауымдастықтың құрметті президенті Игорь Рогов сөз сөйледі.

Әкімшілік және қылмыстық заңнама аясындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінің бірі - Қылмыстық кодекске қылмыстық әрекеттерді енгізу кезінде қабылданған шешімдердің шалалығы болып тұр. Осылайша, 2014 жылы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бірақ қамауға алу орындары болмағандықтан, қылмыскерлер мұндай жазасын өтей алмады, нәтижесінде әкімшілік істер бойынша қамауға алынып, қылмыстық істер бойынша айыппұл салынды. Осыған байланысты 2017 жылы жеңіл зиян келтіру әкімшілік кодекске көшірілуі керек еді. Сотпен қаралған барлық істерді қылмыстық құқық бұзушылық ретінде Қылмыстық кодекске ауыстыру қажет, ал қамауға алу түріндегі жазаны қазір әкімшілік істердегідей өтеу керек, - деді ол.

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катарзина Ваверня гендерлік мәселелерге назар аударды.

Еліміз әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерімен күресу бағытында көп жұмыс атқарды. Бүкіл қоғамның назары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу жолында десек, қателеспейміз. Бұл өте күрделі мәселе, әрине, ол ең алдымен адам құқығын қорғап жатқанымызға негізделуі тиіс. Зорлық-зомбылық құрбандарын стигматизациялаудың алдын алу, сондай-ақ әйелдерді қоғамның тұрақты дамуының драйвері ретінде тану қажет, - деді Катарзина Ваверня.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Цифрлық отбасы картасы» IT-шешімінің мүмкіндіктері туралы айтты. Бұл - азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және проактивті форматта оларға кепілді мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпаратын жинақтайтын ақпараттық жүйе.

Министр картаға отбасындағы зорлық-зомбылық туралы деректер міндетті түрде енгізілуі тиіс екенін жеткізді.

Ішкі істер министрлігінің деректерімен біріктіру керек. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер базасы бар, егер отбасы зорлық-зомбылыққа қатысты шағым түсірген болса, бұл ақпаратты цифрлық картаға қосуға болады және бұл отбасының көз алдында тұрады, - деді ведомство басшысы.

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кестусис Янкаускас әлеуметтік, медициналық және қаржылық көмекті қажет ететін зорлық-зомбылық құрбандарына күтім жасауды қоса алғанда, бірден бірнеше мәселені көтерді. Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы жыныстық қудалау проблемасына назар аударуға шақырды.

Сарапшылар заңнаманы (Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі) одан әр жетілдіру бойынша түрлі ұсыныстар айтқанын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы