Сарапшылар NEET санатындағы жастардың мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «NEET жастары: әлеуметтену мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбымен «Jastar: ózekti másele» сараптамалық платформасының отырысы өтті, деп хабарлайды АҚДМ баспасөз қызметі.

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының басшылары, сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты. 

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов еліміздің жас азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бағыт жалғаса беретінін, сондай-ақ NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі мүдделі органдар арасындағы үйлестірілген саясат имплементацияланатынын атап өтті. 

Пікірсайыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким жастардың қазіргі мәселелері мен қажеттіліктеріне назар аударды. Депутат жас азаматтардың проблемалары қаңтарда орын алған әлеуметтік-экономикалық оқиғалар мен жалғасып жатқан пандемия жағдайында шиеленісіп жатқанын айтты. 

Ал «Жастар» ҒЗО-ның Әлеуметтану зерттеулері және болжау басқармасының басшысы Евгения Руднева әлеуметтану зерттеулерінің актуал нәтижелерін ұсынып, жастарды әлеуметтендіру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті. 

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламаларының үйлестірушісі Айгүл Шәріпова қазіргі уақыттың диджитализация мен цифрландырудың жоғары деңгейіне байланысты өзіндік ерекшеліктер бар екендігіне назар аударды. Оның айтуынша жастардың мәселелері мен қажеттіліктеріне қатысты жаңа инновациялық тәсілдер қажет.  

Сараптамалық алаңда «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Чеботарев Андрей және Жастар қызметкерлері қоғамдастығы кеңесінің төрағасы Наурызбаев Нұрлыбай да өз пікірлерін білдірді. 

«Jastar: ózekti másele» сараптама алаңы отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар тізімі қалыптастырылды.  

Сарапшылардың барлық ұсынысы жастар саясаты саласындағы құжаттарды әзірлеуде қаралатын және ескерілетін болады.

Іс-шара ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетнің қолдауымен барлық санитария-эпидемиология нормаларын сақтай отырып, онлайн форматта «Жастар» ұлттық-зерттеулік орталығы ұйымдастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы