Сарапшы су тасқынына қатысты пікір білдірді

Ғалым, су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, жаһандық жылыну дүниежүзі бойынша табиғи апаттарға әкелуде. 

Жер бетінің орташа температурасы көтерілген сайын мұхиттардың булануы күшейіп, циклондардың бағыты өзгерген.

Еліміздегі су тасқыны - табиғаттың өзгеруімен тікелей байланысты. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан құбылыс. Мәселен, Сауд Арабиясында бұрын-сонды болмаған бұршақ жауып, қар түсті. Басқа да елдерде су тасқыны болып, табиғи катаклизмдер жиілеуде. Бұдан бөлек, әр 11 жылда өзгеріп келетін «күн циклі» бар. Күннің күрт жылынуы мен құрғақшылыққа әкелетін аптап ыстық осымен де байланысты,- деді ғалым, су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Кеншімов.

Сондай-ақ, сарапшы өткен күзде елімізде жаңбыр көп жауғанын айтады. Осыған байланысы топырақтағы ылғал сіңіп үлгермеген. Сөзіңше, еліміздің оңтүстігінде жердің беті 1,5 метрге дейін, солтүстікте 2,5 метрге дейін қатқан. Салдарынан ерген қар суы жерге сіңбей, жердің бетімен кетіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы