Сарапшы: Референдум - елдегі саяси мәдениеттің дамуының белгісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚСЗИ бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлімдеді. 

Оның айтуынша, референдум – мемлекет өміріндегі өте маңызды оқиғалардың бірі. 

Өйткені референдум – еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі. Бізде соңғы рет 1995 жылы референдум өткен. Ал ең жиі референдум өткізетін ел – Швейцария. Бірақ оларда да референдумның екі түрі бар. Біреуі – ерікті, екіншісі – міндетті түрде қатысуды талап ететін референдум. Бізде заң бойынша тек қана еркін түрде қатысуға болады. Сондықтан адамдарды қатысуға шақырудың мәні зор, - деп атап өтті сарапшы. 

Сондай-ақ ол референдумның маңыздылығына тоқталды. 

Референдумға 18 жасқа толған әр азаматтың қатысуы маңызды. Мемлекетіміздің заңы бойынша кәмелетке жасқа толғандар сайлаушылар болып саналады. Елімізде 18-ден асқан азаматтар саны 12 млн-нан астам. Заң бойынша олардың жартысы, яғни 6 млн-ы қатысса, сонда ғана референдум өткізілді деп есептеледі, - деді Ермек Тоқтаров. 

Еске сала кетейік, 5 маусым күні республикалық референдум өтетіні белгілі. Саяси маңызды науқанда 11 өңір халқы жақтап дауыс берсе, Ата заңға өзгеріс енгізіледі.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы