Сарапшы: Құрылтай – үлкен идеологиялық жұмыстың қазынасы

Ұлттық сарапшы-демограф Аяулым Сағынбаева құрылтайдың маңызы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығымен осыдан екі жыл бұрын Ұлттық құрылтай құрылған еді. Алғашқы отырысы – Ұлытауда, екіншісі – Түркістанда өтсе, биыл киелі Атырау жерінде болмақ. Осы тұрғыда құрылтайдың маңызы туралы Ұлттық сарапшы, демограф Аяулым Зарлықанқызынан сұрап көрдік.

Құрылтайдың ең басты маңызы – ұлттық құндылықтар мен елді біріктіруші факторларды анықтайтын үлкен идеологиялық жұмыстың қазынасы. Себебі құрылтай тек қана мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, білім, ғылым саласының сарапшылары, мемлекеттік қайраткерлер, өнер саласының жалпы руханият саласының сарапшыларының ой толықтыратын жеріне айналады. Сондықтан аталмыш құрылтайдың мемлекет дамуындағы ұлттық идеологияны дамытуда орны ерекше, - деп атап өтті сарапшы.

Маман сөзінше дәл осы құрылтай «Әділетті Қазақстанның» орнауын, еститін мемлекеттің құрылуында бастамашылық негізге ие.

Мемлекет басшысының Жолдауындағы мәселелер, кейінгі реформаға енген мәселердің барлығы осы құрылтайда идея ретінде ортаға шығып, талқыланған болатын, - деп атап өтті спикер.

Аяулым Сағынбайқызы биылғы өтетін құрылтайда қандай мәселелер көтерілуі мүмкін деген сұрағымызға да жауап берді.

Менің ойымша бұрынғыдай елдің рухани даму мәселелері, сондай-ақ қазіргі кезде көкейкесті болып отырған әйелдер мен балалар арасындағы зорлық-зомбылық мәселелері, демографиялық мәселелер талқылануы мүмкін, - деп жауап берді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы