Сарапшы омикронға қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа SARS-CoV-2 омикрон штамына арналған вакцина 2022 жылдың жазында дайын болады.

Бұл туралы Ақ үйдегі COVID-19-мен күрес жөніндегі жұмыс тобының бұрынғы кеңесшісі Энди Славитт мәлім етті.

Ол Pfizer және Moderna сияқты фармацевтикалық компанияларға коронавирустың жаңа штамына қарсы екпелерді әзірлеуге кем дегенде 100 күн керек екенін айтты. Сондай-ақ сарапшының айтуынша, мРНҚ негізінде жасалған вакциналардың тиімділігін бағалау үшін екі аптадай уақыт қажет.

Егер біз вакцинаны әзілеуді желтоқсан айында бастасақ, онда жаңа вакциналар бүкіл әлемге жазға дейін қол жетімді болмақ, - деп қорытындылады Славитт. 

Оңтүстік Африкада, Ботсванада және Гонконгта жаңа штамм жұқтыру туралы алғашқы хабарламалар 24 қарашадан бастады. Кейінірек Израиль мен Бельгияда COVID-19 эволюциясының басқа нұсқасының ашылғаны туралы жаңалықтар пайда болды. ДДҰ жаңа штамға алаңдаушылық білдірдіріп отыр. Ғалымдардың пікірінше, бүкіл әлемде мазасыздық тудыратын басқа да штамм түрлері кездесуі мүмкін.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы