Сарапшы коронавирустың жаңа ошағына айналатын мемлекетті атады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Ұлыбритания мемлекеті коронавирустың жаңа мутацияларының ұйтқысына айналуы мүмкін, деп мәлімдеді ITV телеарнасында дәрігер Хилари Джонс. Бұл турады РИА Новости хабарлады.

Оның пікірінше, үкімет халықты вакцинациялауды басты назарға қойып отыр, дегенмен пандемиямен күресу үшін басқа да шаралар қабылдануы қажет.

Бәрі вакцина көмектесті деп айтып жатыр. Оның шынымен көмегі тиді. Аурудың бетін қайтарып, өлім-жітімнің санын азайтты. Бізде тек коронавирустың «альфа» мутациясы болса, жағдайымыз жақсы болар еді. Бірақ қазір елде қауіпті деп танылған «дельта» нұсқасы таралып жатыр, - деді ол.

Британ  маманының айтуынша, алдағы уақытта елде тәулігіне 50 мың адам Covid-19 инфекциясын жұқтыруы мүмкін. Бұл аумақта таралып жатқан SARS-CoV-2 коронавирусының тез мутацияға ұшырауына әкеледі.

Сонымен қатар дәрігер үнді мутациясын жұқтырған адамдарда диарея және асқазан-ішек жолдарының ауруы асқынатынын айтты. Кейде тіпті есту қабілетінің нашарлауына әкелетінін хабарлады.

Айта кетейік, Ұлыбританияда ересек тұрғындардың 64 пайызы толық вакцина салдырған. Ал кәмелетке толған тұрғындардың 86,1 пайызы екпенің бірінші дозасын алған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы