Сарапшы: Коронавирус жоспарлау тәсілдерін қайта қарастыруға мәжбүр етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Сабина Садиева Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың дамуы туралы ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелері туралы айтты.
Зерттеу барысында біз көптеген шешім қабылдадық және бәрін "ең алдымен адамдар" қағидасының сүзгісінен өткіздік. Бұл принцип Үкімет үшін нені білдіреді? Біріншіден, осы принципке негізделген мемлекеттік саясатты дамыту. Бұл өте қарапайым нәрсе. ЖІӨ үлесінің өсіміндегі прогресті өлшеу мемлекеттің күн тәртібінен түсіп, оның орнына басқа өлшемдердегі (метрикалардағы) прогресті өлшеу процесі басталғанда, өте қарапайым дүниелердің мағынасы ашылады – әлеуметтік мәселелер, адамдардың өмір сапасы мен сол өмір сапасына қанағаттану деңгейі көрініс табады. Солай бола тұра, бұл қағида мемлекеттік жоспарлаудың әдісін қайта қару керек деген сияқты өте қиын мағына береді, - деді Сабина Садиева зерттеу нәтижелерін ұсыну барысында.
Оның айтуынша, мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжатында бекітілген.
Қазір бізде бұл құжаттарды әзірлеу, бақылау және бағалау ережелері бар. Бірақ біздің ойымызша, нәтижелі басқару құралдары жеткіліксіз. Оларға бағдарлама логикасы да, әсер ету логикасы да жетіспейді. Өзгеру теориясын сипаттау, нәтижелер тізбегін құру сияқты тәсіл бар. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты адамдарға бағыттайды және адамдардағы мемлекеттік саясаттың нәтижелерін олардың өмірі мен мінез-құлқының өзгеруімен өлшеуге мүмкіндік береді, - дейді сарапшы.
Ол коронавирустық пандемияға негізделген идеяны мысал ретінде айтып өтті.
Пандемия және қазір болып жатқан барлық оқиға жоспарлаудың жоғарғы деңгейінде бізге көзқарастарды қайта қарау керектігін көрсетті. Бұл тәсіл біз қалаған өзгерістерді егжей-тегжейлі сипаттап, олар үшін көптеген көрсеткішті түзеткенде, нәтижелерді бағалау болмаған кезде есептерді басқаруға әкеледі. Сондықтан араласудың нақты құрылымдалған логикасы индикаторлар жиынтығынан гөрі маңызды. Сіз кез келген индикаторды басқа тапсырмалардың ішінен мәліметтер мен уақыт кестесінің негізінде таңдай аласыз, - деп қорытындылады сөзін Сабина Садиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада масамен күрес екі ауысымда жүргізілуде
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы