Сарапшы Головкинді жеңе алатын боксшыны атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxingnews24.com журналисі Скотт Гилфойд қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жеңе алатын боксшыны атады.
Сарапшының сөзінше, Головкин мен ұлыбританиялық кіші Крис Юбэнк (30-2, 22 КО) 2016 жылы кездесуі керек болған, ол кезде Головкин фаворит саналған, ал боксшылар қазіргі уақытта жұдырықтасса, Юбэнк жеңуі мүмкін.Орта салмақтағы WBA уақытша чемпионының сөзінше, ол IBF титулының иегерімен жекпе-жек өткізуге дайын.
Головкин 2016 жылы болған боксшы емес. Қазір 32 жастағы кіші Юбэнк оны жеңуі мүмкін. Егер олардың жекпе-жегі алдағы 12 ай ішінде өтсе, Головкиннің жасы 40-та болады, - деді Гилфойд.
Мен Головкинді көптен бері аңдып жүрмін. Меніңше, жанкүйерлеріміз біздің жекпе-жегімізді көргісі келеді. Егер қателеспесем, ол келесі кездесуін Риото Муратаға қарсы өткізеді. Сондықтан Геннадиймен жекпе-жегіміз 6-9 айдан кейін өтуі мүмкін, - деді Крис Юбанк.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Экспресс-сынама туризмді жандандыра ма?
Өзгелердің жаңалығы