Сарапшы Головкин мен "Канело" айқасында нокаут болатынын айтты
Әлемнің экс-чемпионы және DAZN сарапшысы Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-кесілтеме жасап.
Бұл айқаста бәсті "Канелоға" тігемін. Тіпті ол уақытынан бұрын жеңіске жету керек. Бірақ мені алаңдататын мәселе бар. Альварес соңғы рет мамыр айында рингке шығып, Биволдан айласын асыра алмады. Осы жағдайдан кейін мексикалық былғары қолғап шебері Головкинге қарсы жекпе-жекте жанып кетуі мүмкін. Мүмкін күтпеген жерден жарақат алуы да ғажап емес. Бір жағынан "Канело" бокстан шаршауы мүмкін. Себебі ол 15 жасынан бері шаршы алаңда қолғап түйістіріп келеді. Кез келген трилогияны алып қарасаңыз – барлығы нокаутпен аяқталған. Сондықтан өз басым нокаут күтем. Екеуінің де соққылары мықты. Қай-қайсы болмасын нокаутпен жеңіске жетуі мүмкін. Головкиннің де айтары бар. Ол карьерасында тек "Канелоға" есе жіберген. Оған салмақ қуу қиындық туғызбайды. Жасы қырыққа таяп қалса да үлкен дайындықпен келетіні түсінікті, - дейді Мора.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.