Сарапшы: GetEmotions қосымшасы қазіргі қоғамның өзекті қажеттіліктеріне жауап береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Назарбаев Университетінің Ассистент профессоры Ербол Нұрқатов GetЕmotions жаңа анонимді әлеуметтік желісі туралы сараптамалық пікірін білдірді.
Сарапшы жобаға жазған өз рецензиясында психологиялық тұрғыда қазір әлемдегі адамзаттың басты проблемаларының бірі – өз бойындағы жүкті арқалап, эмоцияны іштей сақтауында екенін айтты. Бұл құбылыс көбінесе депрессия, мазасыздық, күйбелеңдік және т.б. күрделі психологиялық мәселелерге әкеледі. Жаһандану және виртуалды кеңістік, жасанды интеллект, өмір сүру деңгейі мен сапасының жоғарылауы жағдайында адам өзін басқалардан алшақ сезінеді, сондықтан бұл әлеуметтік мәселені заманауи сандық технологиялар арқылы шешуге болатынын атап өтті.
Соңғы онжылдықтарда әлеуметтік желілер арқылы виртуалды кеңістіктегі коммуникацияның жаңа тәсілдері адамзат өміріне кеңінен енді. Бұл үрдістің көрінісі - GetЕmotions жаңа қосымшасын әзірлеу. Оның мақсаты - нақты уақыт режимінде тікелей қарым-қатынас жасау, өз пікірін білдіру және анонимді режимде ортақ қызығушылығы бар қауымдастықтарын құру. Қосымша қазіргі қоғамның жеке кеңістікті кеңейтудегі өзекті сұраныстарына жауап береді. Адам, бір жағынан, тіршіліктің белгілі бір дербестігін және жеке қауіпсіздігін сақтағысы келсе, ал екінші жағынан – өзіне ұқсас адамдармен байланыс пен шынайы қарым-қатынасты, эмоциялық қолдау мен шынайы әлемде өзін-өзі мойындауды іздейді, - деп қорытындылады Ербол Нұрқатов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай қазақстандықтар жаңа анонимді желіні ойлап тапты.