Сарапшы елімізде іске асырылып жатқан екі жобаны атады

Павлодар облысында ферросилиций шығаратын ферроқорытпа зауытын іске қосылмақ. Бұл туралы "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясының басшысы Даурен Байдүйсенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іске асырылып жатқан экономикалық реформалар шеңберінде еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру ерекше назарда. Сол себепті қайта өңдеу секторын жедел дамытуға басымдық берілген. Отандық өнеркәсіп секторын одан әрі дамыту және елімізде экспорт үлесін арттыру үшін бірқатар өнеркәсіптік жобаларды іске асыру көзделген, – деді Даурен Байдүйсенов.

Оның айтуынша, Павлодар облысында қуаттылығы 240 мың тонна ферросилиций шығаратын ферроқорытпа зауытын іске қосу жоспарлануда.

Жобаны іске асыру барысында түтін газдарын тазартудың заманауи жүйесін орнату көзделген. Бұл газды түтінді ұстау деңгейін 99,88 пайызға дейін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өнім ҚХР, Оңтүстік Корея және ТМД елдеріне экспортқа жіберілетін болады. Алматы облысында қуаттылығы жылына 1,4 млн текше метр тас мақтажәне 400 мың текше метр полимерлі оқшаулағыш жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт іске қосылады деп жоспарлануда. Кәсіпорын өндірілетін өнімнің 20 пайызы көршілес елдерге экспорттауды жоспарлап отыр. XPS жылу оқшаулағыш материалдары төмен жылу өткізгіштік коэффициентіне, жоғары беріктікке және ұзақ қызмет ету мерзіміне ие болады, – дейді ол.

Сондай-ақ Байдүйсенов Қостанай өңірінде қуаттылығы жылына 300 мың дана жылжымалы темір жол құрамы үшін серіппелер шығаратын зауытты іске қосу жоспарланып отырғанын айтады.

Бұл теміржол жылжымалы құрамының жоғары технологиялық серіппелері болады. Өнім Түркия, Словакия, Швейцария, Германия және Румынияға экспортталады. Қарағанды облысында өндірістік қуаты жылына 45 мұнара болатын жел генераторларына арналған болат конустық мұнаралар шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда. Өнімнің шамамен 30 пайызы Еуропа мен ТМД елдеріне жіберілетін болады. Осы және басқа да жоспарланған жобаларды іске асыру жаңа өнім шығаруды жолға қоюға, жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл қазақстандықтардың экономикасы мен әл-ауқатын өсіруге оң әсерін тигізбек, – дейді Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясының басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы