Сарапшы бүгінгі EXIT-POLL жұмысының бірнеше ерекшелігін атады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әлеуметтану кафедрасының доценті, әлеуметтану ғылымының кандидаты Рамазан Салықжанов EXIT-POLL нәтижелеріне қатысты пікір білдірді.

Салықжановтың айтуынша, әлеуметтанудағы EXIT-POLL әдісі сайлау, референдумның қорытындысын алдын ала дәлме-дәл айтуға мүмкіндік беретін тәсілдің бірі. Бұл шетелде болсын, елімізде  болсын соңғы кезде іске асып жатыр. Бүгінгі EXIT-POLL-дың ерекшелігі бірнеше компания бірнеше әдісті пайдаланған.

Мысалы, демократия институты мен қоғамдық пікір зерттеу орталығының әлеуметтанушылары қадамдық іріктеу әдісін пайдаланды. Ал, әлеуметтік зерттеу компаниясының әлеуметтанушылары үздіксіз ағын әдісін пайдаланған. Соңғы әдістің артықшылығы қателіктер деңгейін 1 пайыздан асырмауға мүмкіндік береді. Жалпы елімізде пайдаланып жатқан әдістер ғылыми тұрғыдан дәлелденген,- деді сарапшы.

Сонымен қатар ол дауыс беруге адамдар көптеп келгенін, сол себепті референдум өтті деп қабылданатынын жеткізді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша азаматтардың көптеп келгенін көріп отырмыз. Бұл референдум өткенін көрсетеді және ол заңды. Соңғы кезде қоғам пікірі өзгеріс бағытын қолдайтынын, Жаңа Қазақстанды құптайтынын білдірген. Сондықтан бүгін бір-бірімізді құттықтай берсек болады, Екінші республика идеясы өмірімізге еніп жатыр,- деді  Рамазан Салықжанов.

Сонымен қатар ол референдумға қарсы дауыс бергендерге қатысты ойын айтты.

Қоғам біркелкі емес, қанша адам болса, сонша пікір болады. Кейбіреулер бұл өзгерістерден өзіне сай өзгерісті көрмеген шығар, мүмкін мүлдем басқа өзгерістерді күткен шығар. Сондықтан қарсы шыққандардың болуы заңдылық. Ештеңе ешқашан 100 пайыз пікірмен іске аспайды ғой,- деді ол.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы