Сарапшы: «Бір белдеу, бір жол» - бүкіл континентте сенімді дамытатын маңызды бастама
«Бір белдеу, бір жол» форумына Азияның өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбай қатысты. Ол форумға қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АӨСШК бастамасын Қазақстан 31 жыл бұрын алға тартып, әлемде үлкен құрметке ие болды. Бүгінде 28 мүше мемлекет бұл бастаманы қолдады.
Қытай АӨСШК-нің ең белсенді мүшелерінің бірі және АӨСШК мақсаттары Қытай басшылығының «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын жариялағанда қойған мақсаттары мен міндеттеріне өте сәйкес келеді. АӨСШК-нің ең маңызды мақсаты – Азия халықтарын біртұтас қауіпсіздік қоғамдастығына қосу, бірақ қауіпсіздіктің көптеген әртүрлі аспектісі бар, оның ішінде экономикалық, мәдени, гуманитарлық, экологиялық. Сонымен қатар әскери-саяси және жаңа сын-қатерлер мен қауіптер бар. Сол себепті «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы - бүкіл континентте сенімді дамытуға қатысты маңызды бастама, өйткені экономикалық қарым-қатынастарды дамыту арқылы, көлік инфрақұрылымын болсын не ол цифрлық өзара байланыс болсын, технология трансферті болсын, өзара байланысты дамыту немесе экология және гуманитарлық алмасу саласындағы өзара іс-қимыл – мұның барлығы сенімді арттыруға, диалогты нығайтуға және Азия континентіндегі ынтымақтастық деңгейін арттыруға жұмыс істейді, - деп атап өтті Қайрат Сарыбай.
Диджитал экономика саласындағы ынтымақтастықтың панельдік сессиясы шеңберінде Қайрат Сарыбай Азия өңіріндегі цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық деңгейін арттыру жөніндегі өзара іс-қимыл шаралары туралы айтты.
Халықаралық қоғамдастық цифрлық саладағы тұжырымдамаларды бір жүйеге келтіру қажеттілігімен бетпе-бет келіп отыр және бірқатар халықаралық ұйым осымен жұмыс істеп жатыр. Ең алдымен, Астанада өткен АӨСШК алтыншы саммитінде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қауіпсіздігі туралы көшбасшылардың мәлімдемесі қабылданғанын хабарлауға қуаныштымын. Сонымен қатар біздің сенім шараларының каталогында АӨСШК - бұл біздің елдеріміздің түрлі салалардағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін бірегей дипломатиялық құжат. Шағын және орта бизнес үшін цифрландыруды дамыту саласындағы өзара іс-қимыл туралы айтатын тармақ бар. Яғни АӨСШК Іскерлік кеңесі аясында бізде бұл тақырып үнемі қарастырылып отырады. Келесі жылы біз жасанды интеллекттің шағын және орта кәсіпкерлік қызметіне әсері мәселесін зерттеумен айналысамыз, - деп атап өтті сарапшы.