Сарапшы Азиядағы басты қауіп-қатерді атады
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина елордада өтіп жатқан форумның кулуарында Азиядағы басты қауіп-қатерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» форумының аясында Азиядағы сарапшыларды жинадық. Панельдік сессияларда Азиядағы өзекті мәселелерді талқылаймыз, - деді Жолдыбалина.
Сарапшы Азиядағы басты қауіп-қатерлерді атады.
Ең бірінші мәселе - су қауіпсіздігі, су ресурстарын пайдалану. Яғни бүгінгі күні табиғи апаттардың салдарынан болып жатқан қатерлердің ішінде ең өзектісі табиғи ресурстар, оның ішіне су ресурстары, екіншісі инфрақұрылым. Яғни орта дәлізді пайдалану, тауар жеткізу, транзит, өзара сауда-саттықты орнату - Орталық Азиядағы өзекті мәселелер, - деді сарапшы.
Сонымен қатар Сирия мәселесі, босқындардың мемлекеттерге келуі Азиядағы мемлекеттердің күн тәртібіне үлкен өзгеріс енгізеді.
Сонымен бірге инновациялық, технологиялық кедергілер бар. Оларды шешу үшін Азиядағы мемлекеттер әртүрлі бастама жасап жатыр. Қазір инновациялық, технологиялық жағынан әлем Азияға ауысып келе жатыр. Әлемдегі адами капитал, одан бөлек, медицина, білім салалары үлкен өзгеріске ұшырайды, - деп айтты Алуа Жолдыбалина форумның кулуарында.