Сарапшы Ауғанстанның заңсыз миграциясынан қауіп барын ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы саясатымызды жүзеге асыру бағытында ең алдымен өз мемлекетіміздің мәселелерін алдыңғы қатарға қоюмыз қажет.

Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Аян Сакошев айтты.

ҰҚШҰ бір бағыты ретінде қазір өңірлік қауіпсіздікпен қатар есірткінің заңсыз айналымына, заңсыз көші-қон сондай-ақ ақпараттық саладағы қылмыстарға қарсы іс-қимылдарды бірлесе жүзеге асырып жатыр. Мұнда әртүрлі тұрақты профилактикалық операцияларды жүзеге асыру бағыттары да бірлесе ұйымдастырылады. Өздеріңізге мәлім, есірткі тасымалының басым бағыттары Ауғанстанда жүріп отыр. Сонымен бірге, айта кеткен жөн былтыр сол елге болған жағдайға қатысты заңсыз көші-қон мен басқа қылмыстық топтардың келуі байқалып отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, ҰҚШҰ-ның елдері сақтық және алдын алу шараларын бірлесе жүзеге асырған жөн деп санаймыз, - деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Аян Сакошев.

Сарапшының сөзіне қарағанда, қазір ТМД елдерінің геосаяси жағдай өте күрделі және ұйым елдерінің экономикалық жағдайында да біршама қиындық бар.

ҰҚШҰ мүше мемлекет ретінде, нақты сыртқы саясатымызды жүзеге асыру бағытында ең алдымен өз мемлекетіміздің мәселелерін алдыңғы қатарға қоюмыз қажет. Ең бастысы, еліміздің егемендігі, экономикалық қауіпсіздігі бірінші орында тұруы тиіс. ҰҚШҰ секілді ұйымдар арқылы республика өзінің нақты міндеті мен мақсатын қорғауы керек, - деді Аян Сакошев.  
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы