Саранда қайырымдылық веложарысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамыр қарсаңында Саран қаласында "Халықтар достығы" қайырымдылық веложарысы өтеді. 

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі игі іс ұйымдастырып, демалыс күнін белсенді өткізуді ұсынады.

Велошеруге бүкіл отбасымен қатысуға болады. Негізгі шарт – ең жас велосипедші кем дегенде 18 жаста болуы керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлікті немесе туу туралы куәлікті алуыңыз қажет.

21 шақырым жол жүру керек. Бағыт ретінде "Үшбұрыш" қоғамдық кеңістігі таңдалды (Рабочая және Новая көшелері арасында).

Қатысу құны – 1000 теңге. Жиналған қаражат жануарлардың баспанасына беріледі.

Қатысушыларды жинау 30 сәуір сағат 10:00-де.

Анықтама телефоны: +7-707-532-22-50.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы