Саран зауытында жасалған 24 автобус пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саран қаласындағы QazTehna зауытында құрастырылған Yutong маркалы 24 жаңа автобус Қарағанды жолдарына шығады. Олар барлық заманауи талаптарға және Евро-5 экологиялық класына сәйкес келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қоғамдық көлік мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен және алаңшалармен, балалы аналарға арналған орындармен жабдықталған. Әр автобуста кондиционер орнатылған. Әр қоғамдық көліктің сыйымдылығы – 51 адам.
«Таксокомбинат-1» ЖШС көлік құралдарын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-нан жеңілдікті лизинг бағдарламасының арқасында сатып ала алды. Бір автобустың құны 37 млн теңге.
Осылайша тасымалдаушы компания паркі 25%-ға жаңартылды. Автобустардың орташа тозу уақыты 8-ден 5 жасқа дейін төмендеді.
Бірінші кезекте автобустар №01 және 30 маршруттар бойынша жүреді. Сондай-ақ біз №7, 013, 28, 31 желілерге қызмет көрсетеміз. Автобустар электронды билеттеу жүйесіне дайын, – деді «Таксокомбинат-1» ЖШС директоры Алексей Пен.
Бүгінде аталған кәсіпорын алты қалалық және бір қала маңындағы маршрутқа қызмет көрсетеді. Оның арсеналында барлығы 95 автобус бар.
Қоғамдық көліктің тұсаукесеріне Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты. Ол автобустардың сапасын және жолаушыларға ыңғайлы болу деңгейін бағалады. Өңір басшысының айтуынша, 2-3 жыл ішінде Қарағанды, Теміртау, Саран және Жезқазғандағы қоғамдық көліктер барынша жаңартылады.
Биыл Саран қаласы бойынша 15 жаңа автобус қатынайтын болады. Қазір Жезқазғанға 30 жаңа автобус жеткізіледі деп күтілуде. Олар Саранда жасалады. Сонымен қатар ауданаралық және облысішілік рейстерге шығамыз, – деп уәде берді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, маусым айында қарағандылық «Рейс» ЖМ тасымалдаушысы үшін 16 жаңа автобус жеткізіледі деп күтілуде.