Саран қаласының орталық жылу көзінің құрылысы 2022 жылы аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саранда құрылысы ұзаққа созылған орталық жылу беру нысанының мәселесі шешілді. Жоба 2020 жылы қайта басталды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Нысандағы жұмыстар тәулік бойына жүргізілуде. Негізгі ғимараттың құрылысы басталды. Жоспарланған төрт қазандықтың екеуі орнатылды. Әкімшілік ғимарат, өрт сөндіру депосы, қазандық жабдықтарын жөндеуге арналған қосалқы цехтың құрылысы аяқталды, - деп жазды облыс басшысы.
Қазандық көмірдің кез-келген түрін пайдалана отырып, тиімді жағу технологиясы бойынша жұмыс істейтін болады.

Жылу магистральдары қалаға жеткізілді. Қазандықтың қуаты Саран қаласын ғана емес, сондай-ақ РТИ шағын ауданын да жылытуға жетеді.

Саран қаласының орталық жылу көзінің құрылысы 2022 жылы аяқталады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы