Саран қаласындағы автобус зауыты тапсырыспен қамтамасыз етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының Саран қаласында ашылған автобус және арнайы техника шығаратын зауыт тапсырыстармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бұл туралы «QazTehna» ЖШС директоры Арғұлан Майконов мәлімдеді.

Жоба кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда біздің екінші цехты қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, оны осы жылдың сәуір айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. 600-ге жуық автобус шығарып, өткізу жоспарлануда. Зауыт осындай көлемді игере алады, - деді кәсіпорын басшысы инвестициялар мәселелері жөніндегі онлайн-кеңесте.

Сәуір айынан бастап зауыт жобалық қуатына шығады деп күтілуде. Жыл сайын Yutong маркалы 1 200 автобус пен 400 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорында шамамен 1000 жұмыс орны құрылады. Бұл жоба Саран қаласы үшін зәкірлі жоба болып табылады және облыс экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы