Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ресми ақпарат пайда болды
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сары Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сары Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Хабарламада соңғы уақытта кейбір БАҚ пен әлеуметтік желіде Сары Назарбаеваның денсаулық жағдайы мен жүрген жері туралы әртүрлі болжамдар мен расталмаған ақпараттар тарап жатқаны айтылған.
Осыған орай ресми түсініктеме беруді жөн деп санаймын: сәуір айынан бері Сара Алпысқызы Назарбаева Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуда, – делінген хабарламада.
Айдос Үкібай БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын әдептілік пен құрмет сақтауға, «Сара Алпысқызының атын негізсіз алып, тексерілмеген ақпарат арқылы назар аудартуға тырыспауға» шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Сара Алпысқызының жағдайы туралы түрлі қауесеттер тараған болатын. Айдос Үкібай Сара Алпысқызы қайтыс болды деген ақпарат жалған екенін және оның ем қабылдап жатқанын жеткізген болатын.
Ал Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы ретте тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.
- Қазақстан мен Бельгия денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтады 13:26
- Чехия Орта дәлізді цифрландыруға атсалысуға дайын 13:13
- Рэпер NAVAI есірткі контрабандасы ісі бойынша қамауға алынды 12:50
- Орта дәлізде жүк тасымалы қалай жылдамдайды? Түркия өз ұсынысын айтты 12:48
- Алматыдағы құрылыс алаңынан шыққан жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын қашырды 12:39
- Қала көз алдымызда дамып келеді. Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы несімен таңғалдырады? 12:35
- Қазақстанда Қашаған кен орнында екі газ өңдеу зауыты салынады 12:21