10 Қараша 2026, 19:53 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Сақтандыру төлемін сылтау еткен: Ұлытауда клиенттерді алдаған банк қызметкерінің ісі әшкере болды

Ұлытауда банк қызметкері сақтандыру төлемін рәсімдеу сылтауымен клиенттердің ақшасын жымқырған.

Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төлемдерін рәсімдеу сылтауымен ақша жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екінші деңгейлі банктердің қызметтік тексеру материалдарын зерделеу барысында Ұлытау облысының прокуратурасы банк қызметкерінің ақша жымқыру фактісін анықтады.

Анықталғандай, банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, азаматтарды алдау арқылы сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен өңір тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген.

Құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан Ұлытау облысының үш тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 200 000 теңгені құрады. Кінәлі тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі шығарылды, - деп хабарлады Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада пара беремін деп алаяққа алданған азаматтың ісі қаралды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Ақмолалық әйел бір жылдан кейін атына 2 млн теңге несие рәсімделгенін білді

Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды

Ұлттық банк мөрі және қол қойылған хат: Алаяқтар ақшаны қалай ұрлайды?