Сақалды құрылыс. Ақсу қазандығы қашан іске қосылады

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы жылу қазандығы биыл да іске қосылмайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Жауапты мамандардың айтуынша, нысан осы жолы да техинкалық сынақтан өтпей қалды.

Нысан мамыр айында жүргізілген сынақтардан өткен жоқ. Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға өзгертулер енгізіледі. Кейін сынақтар тағы бір мәрте жүргізіледі. Құжаттаманы түзетумен Ақсу қаласының басшылығы жүргізілді. Жоба келесі жылдың бірінші тоқсанында әзірленеді, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы.

Айта кетейік, қазандық соңғы бес жыл бойы пайдалануға берілмей келеді. Бұған дейін Ақсу ферроқорытпа зауытының қолданыстағы қазандығы 70%-ға тозғаны туралы хабарланған. Сондықтан, жаңа объектіні салу туралы шешім қабылданған. Нысан құрылысына бюджеттен 11 млрд теңге жұмсалған. Сол сәттен бері стратегиялық объектте төрт сынақ жүргізілген.

Сынақтан өтпеудің себебі қазандықтың жобалық қуаттылығына жетпеуінде жатыр. Бір қазандықтың қуаттылығы 30 гКалл болу керек. Қазіргі таңдағы жобалық параметрі 20 гКалл-ды құрап отыр. Бүгінгі таңда Ақсу қаласын жылумен қамту бойынша проблема жоқ. Қолданыстағы қазандықтың жабдықтары жөнделіп, іске қосылды. Ал жаңа қазандық шаһар дамып, қосымша жылу энергиясын өндіру үшін қажет, - дейді басқарма басшысы.

Қалада биылғы жылу маусымына дайындық аясында магистальді жылу желілерінің екі шақырымға жуығын жөндеу жоспарланған. Бұл желі бес мыңға жуық тұтынушыны жылу энергиясымен қамтиды. Жол картася аясындағы жөндеу науқаны кестеге сай жүргізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы