Саптағы сарбаздар өз таңдауын жасады

Қостанай қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы өздерінің нөмері 27, 379 сайлау учаскелерінде Республикамыздың болашағы үшін таңдауларын жасады деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшсі.

Қостанай облысында таңертеңнен бастап әр түрлі санаттағы азаматтар дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне барып өздерінің дауыстарын беріп жатыр. Осы науқаннан Ұлттық ұлан әскери қызметкерлеріде тыста қалмады. Осы орайда "Орталық" өңірлік қолбасшылығында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ғана емес, офицерлер мен сержанттар да дауыс бере алатын 13 дауыс беру учаскесін қамтамасыз еткенінайта кеткен жөн.

Ел тағдырында өтіп жатқан тарихи күнде бөліміміздің жеке құрамы ат салысып жатыр. Біз еліміз үшін маңызды қадамнан тыс қалмай үлесімізді қосып, барша Қазақстандықтармен бірге екенімізді білдіріп дауыс бердік, – дейді бөлім командирі полковник Талғат Әбдіров.

 

Айта кетерлік, барша ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімі таңнан бастап барша жерлестермен бірлесе 100 пайыз дауыс берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы