Саперлер әскери полигондарды тазартуға кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған жұмыстарға бөлімшелердің инженерлік-саперлері мен полигон командалары қатысты.

Тазарту барысында ашық жердегі әскери қызметшілердің арақашықтығы бес метрге дейін, ал қалың шөп пен бұталардың арасында екі метр болу керек.

Тапсырмаларды орындаудағы саперлердің қауіпсіздігін арнайы қорғаныс киімі, сондай-ақ бес метрге дейінгі тереңдікте жарылу қаупі бар заттарды табуға мүмкіндік беретін заманауи іздеу және барлау құралдары қамтамасыз етеді.

Тәжірибелік атыстардан соң қалған оқ-дәрілер қалдықтарынан полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарын толық тазарту ерекше назарға алынды. Осы шараға іздестіру және минасыздандыру құралдары бар штаттық инженерлік-саперлік бөлімше жұмылдырылды. Саперлердің жеке қауіпсіздігін «Сақтау» және «Доспехи» қорғау киімдері қамтамасыз етеді, - деді Инженерлік әскерлер департаментінің бастығы полковник Нұрлан Қонысов.

Жарылмаған қалдықтардан аумақты тазарту шаралары 2021 жылдың 21 мамырына дейін жалғасады.

Жылына екі рет өткізілетін дайындық кезеңінде полигондарды толық тазарту жұмыстары ұйымдастырылады. Оның басты мақсаты аумақта жарылғыш заттарды табу және олардың жойылуын толық тексеру болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы