Сапасыз үй жыры: Олқылықтарға жол берген СҚО ауданының екі әкімі қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығына қатысты тексеру жүргізіліп, аталған деректер расталыпты.Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды, - деді ол.
Уәлидің сөзінше, Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда. Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды.
Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Берік Уәли.Бұған дейін хабарлағанымыздай СҚО-ға қоныс аударған халыққа берілген «проблемалы» үйдің сапасы тексерілетіні мәлім болды. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы да құрылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АШМ-ға қатысты тергеу басталды
Өзгелердің жаңалығы