Сапасыз антифриз сатқан 45 сатушыға айыппұл салынды

Сапасыз антифриз және тосол сатқаны үшін 45 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев мәлімдеді.

Елдің көптеген аймағында кристалданудың басталу температурасы минус 40 және минус 30 болатын антифриздер мен тосол сатқаны үшін 45-ке жуық сатушыға айыппұл салынды. Ал сынақтар олардың минус 15 градусқа да төтеп бере алмайтындығын көрсетті, - деп айтты комитет төрағасы.

Сөзінше, бұл жұмыс автокөлік иелерін алдау мен мүліктің бүлінуінен қорғауға бағытталған. 

Мәліметке сәйкес, айыппұл көлемі 16 млн теңгеден асты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: rad-star.ru
Өзгелердің жаңалығы