Жеңіс Қасымбек: Қарқаралының жолдарымен жүріп өттім, сапасы көңіл көншітпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жол сапасына көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Бүгін Қарқаралының жолдарымен жүріп өттім. Иә, жол сапасы көңіл көншітпейді. Егіндібұлақтан бастап Қарқаралыға дейін жолды жөндеуді бастап едік, әлі де жалғастырамыз. Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі жол да жөнделіп жатыр", - деп жазды Қарағанды облысының әкімі. 
Қарқаралы ауданының жолдарын жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінген. 

"Биыл Қарқаралы қаласында дене шынықтыру кешенi салынып бітеді. Келесі жылы қолжетімді баспана кезегінде тұрған 72 отбасы үшін 4 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Тағы 2 үйдің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз", - деді ол. 
Сондай-ақ, 27 жас дәрігер үшін жатақхана қайта жаңартатынын да атап өтті.  

"27 жас дәрігер үшін жатақхананы қайта жаңартатын боламыз. Егіндібұлақ тұрғындары 50 жылдан бері Мәдениет үйі мен мектепке жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмегенін айтып келеді. Сметалық құжат дайындап қойдық. Келесі жылы бұл нысандарды толығымен жөндейміз. Сондай-ақ, әкімдікке спорт кешенінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеу тапсырылды", - деді Жеңіс Қасымбек. 
Қарағайлы қаласында №16 мектепті күрделі жөндеуге қаражат бөлетінін де айтты. Осы ауылда биылғы жылы отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы