Сапаров: Отандық және импорттық майдың айырмашылығын халыққа түсіндіру керек

Мәжілістегі Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздегі импорттың үлесі жоғары екенін айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер тұтас сүт пен ашытылған сүт өнімдеріне өз өндірісі ішкі қажеттілікті жабатын болса, онда сатып алушы ішетін йогурттардың, қаймақтың, айранның және басқа да өнімдердің кең ассортиментін көреді. Бірқатар басқа атау бойынша қиындықтар бар. Импорттың негізгі үлесінде кілегей, май, құрғақ сүт, ірімшік және сүзбе бар, - деп айтты ведомство басшысы.

Оның айтуынша, соңғы жылдың өзінде сүт өнімдерінің импорты шикі сүтке қайта есептегенде 2022 жылғы 580 мың тоннадан 2023 жылы 800 мың тоннаға дейін өсті.

Арзан импорттың қысымынан басқа, біз өз дайын өнімдеріміздің жоғары өзіндік құнын көреміз. Мысалы, сары майды алайық. Қазақстандық сары майдың өзіндік құны – келісіне 3100 теңге. Ал импорттың орташа бағасы – келісіне 1800-2300 теңге. Әрине, бұл жерде техникалық регламенттерге және тұтынушылардың өнімнің құрамы мен сапасы туралы хабарсыздығына да байланысты, бірақ мұндай бәсекелестік ішкі өндіріске кері әсерін тигізеді. Сапасы төмен өнімдер мәселесін шешу үшін жауапты мемлекеттік органдардың қолдауы қажет, - деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.

Министр халыққа спрэд пен сары май, ірімшік пен ірімшік өнімі арасындағы және барлық басқа позиция арасындағы айырмашылық жайлы үлкен түсіндіру жұмыстары қажет екенін атап өтті. 

Сапаров бұл мәселеде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауы қажет екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Pexels.com
Өзгелердің жаңалығы