Сапархан Омаров қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Тоқаев Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі қажеттігін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы