Сапарбеков жеңілдікпен берілетін автонесие туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Үкімет 15 сәуірден бастап автонесиелеудің жаңа бағдарламасын қаржыландыру туралы жарлық шығарды. Оның құны 100 млрд теңгені құрайды және автобустық паркті 30 млрд теңгеге жаңартуды қарастырады. Несие бір көліктің құны 10 млн теңгеге дейін болады. Қаржыландыру мерзімі 7 жылды құрайды. Көліктің бағасы 15 млн теңгеден аспауы керек. Бұл бағдарламаға осыған дейінгі бағдарламаларға қатысқандар да өтініш бере алады. Бір борышкерге 2 жылда бір көлік қана беріледі, - деді ол. 

Сапарбаеков айтқандай, несие екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. 

Қазір «Жасыл даму» АҚ-дан бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаржы аударылып жатыр, - деді Олжас Сапарбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы