Сапарбаев Жамбылда бұқаралық спортты дамыту мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды.
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі хабарлады.Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасындағы көрсеткіші туралы тоқталып, кейбір кемшіліктерге назар аударып, бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Біздің облысымыздағы дене шынықтыру мен спорт саласының даму көрсеткіштері республикалық орташа көрсеткіштен жоғары қалыптасып отыр, - деді аймақ басшысы.
Бердібек Сапарбаев салалық басқарманың республикалық спорт федерацияларымен, барлық спорт мектептерімен, әсіресе ауылдық жерлермен тығыз байланыста болу керектігін атап көрсетіп, таланттардың көпшілігі сол жақтан шығатынын тілге тиек етті. Аудан әкімдері мен дене шынықтыру және спорт басқармалары демеушілерді тарта отырып, «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» жобалары аясында жұмыс жасауы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ 30 мың ауғандық босқынды қабылдауға дайын
Өзгелердің жаңалығы