Сапарбаев президент сұрағына қағазға қарамай жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді шетелден келген жұмысшыларды қабылдайтын кәсіпорындар 2-3 жыл ішінде қазақстандық маманды дайындап кету керек.

Еліміздің әлеуметтік мәселесін жан-жақты хабардар маман ретінде премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев президенттің сұрағаны қағазға қарамастан жауап берді. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелдік және отандық жұмысшылардың айлығының арасындағы теңсіздікке жол бермеу мәселесі туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтан сұрады.

Айта кету керек, жауапты цифрлар көп болды. Мұнша санды жаттап алған Сапарбаевтың жауабы таңғалдырды. 

Қазіргі таңда Қазақстанда 2010-ға жуық кәсіпорында шетелдің азаматтары жұмыс жасайды. Ол кәсіпорындардағы қазақстандықтар үлесі – 96%. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Еңбек министрлігі, Бас прокуратура жергілікті билік өкілдерімен бірігіп, 30-дан астам шетелдік жұмыс істейтін 96 кәсіпорынды тексерді. Соның нәтижесінде 1000-ға жуық заң бұзушылық анықталды. Бас прокуратураның көмегімен 550-ге тарта шетелдік еліне қайтарылды. 470 еңбек шарты бұзылды. Біздің жасаған шарамыз... біріншіден, мынау былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 40 пайызғы кеміттік. Былтыр 49 мыңға жуық шетелдік азамат қазақстандық кәсіпорындарға тартылса, біз оны 29 мыңға дейін төмендеттік. Осыдан 5 жыл бұрын 100 мыңға жуық шетелдік тартылған болатын. Оған қосымша, қазіргі қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу жөніндегі құжаттарды дайындап Парламентке бердік. Одан кейінгі тағы бір жұмыс – қазір барлық шетелдік азаматтары бар кәсіпорындарға айтып жатырмыз. "Егер сіздер шетелден азаматтарды жұмысқа тартатын болсаңыздар, ең кем дегенде 2-3 жылдың ішінде солардың орнында жұмыс істейтін қазақстандықтарды дайындаңыздар деп", - деген жауап қайтарды Бердібек Машбекұлы. 

Айта кетейік, Үкіметтің осы жылдағы алғашқы кеңейтілген отырысында есеп берген Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың баяндамасынан кейін ел президенті одан Ұлттық қордағы активтер туралы сұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы