Сапарбаев: Қаза болған ерлердің ерлігі ел есінде сақталып қала бермек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байзақ ауданындағы жарылыс салдарынан бірқатар азаматымыздан айырылдық. Олар өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапты.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев facebook-тегі парақшасында жазды.  

«Тас – түскен жеріне ауыр» демекші, өз әріптестеріммен бірге қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілердің отбасыларына барып, Елбасы мен Мемлекет басшысының атынан қайғыларына ортақтасып көңіл айттым. Марқұмдардың отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті барлық көмек көрсетілетінін жеткіздім. Шын мәнінде, қайғылы оқиға баршамызға оңай тиген жоқ. Соған орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бейбіт тұрғындардың тыныштығы мен амандығы жолында қаза болған ерлердің ерлігі мен өрлігі – жас буын ұрпаққа үлгі-өнеге болып, есімдері ел есінде сақталып қала бермек. Марқұмдардың артында қалған ұрпақтары мен жақындары ғұмырлы болсын!, - деп жазды әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы