Сапарбаев алдағы 5 жылда Жамбылда не өзгеретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
Облыстың тағы бір мәселесі – бағаның өсуіне жол бермеу. Жалпы, 11 ай ішінде инфляция 107,7 пайызды құрады. Бюджеттің игерілуі қазіргі таңда 98,8 пайызды көрсетіп отыр. Біздің болжамымыз бойынша жылдың аяғына дейін берілген қаржы 99,9 пайызға игеріледі.
Жамбыл облысы әкімінің мәлімдеуінше, алдағы 5 жылға құны 2,7 трлн теңге тұратын 102 жоба жүзеге асады.
Сонымен қатар Сапарбаев өңірдегі вакцинация жұмыстарына баса назар аударылғанын айтты.
Қазіргі таңдағы ең үлкен мәселенің бірі – індетке қарсы іс-шаралар. Жыл басынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде науқастар саны күніне 10-нан аспайды. Бүгінде 21 мыңға жуық науқас болды. Оларға қажетті төсек-орындар дайындалды. Сондай-ақ індеттің алдын алудағы негізгі жол – вакцинация. Бүгінгі таңда 98 пайыз тұрғындарымыз екпе алды. Карантиндік талаптарды сақтау үшін мобильдік топтар құрылды, – деді Жамбыл облысының әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы