Сапарбаев 500 тұрғынға арнап ауызашар берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 500 тұрғынға арнап ауызашар ұйымдастырды.Тараз қаласына қарасты "Шөлдала" ауылының, қаладағы "Қарасу" шағынауданының және Тараз қаласы, Төле би көшесіндегі жатақхананың тұрғындарына әкімнің атынан азық-түлік таратылды. 

Бүгінгідей карантин кезінде үйде отыруға мәжбүр болған мұқтаж отбасыларға арнап ауызашар ұйымдастыру туралы әкімнің бастамасына облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары және танымал кәсіпкерлер қолдау білдірді. Ал, өңір басшылығының азық-түлік себеттерін алған тұрғындар он екі айдың сұлтаны – Рамазан айында жасалған бұл сауапты іске алғыстарын жеткізді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев карантин жағдайына байланысты ауызашар ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталғанын айтты. 

Сонымен қатар әрбір азамат үшін ауызашардың ас мәзірі алдын ала дайындалып, тұрғындарға азық-түлікті облыстық мешіттің қызметкерлері мен еріктілер әрқайсысының үйлеріне жеткізіп берген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы