Сапалы ауызсу. Тиянақты құжат. Үкімет басшысы министрлерге нені тапсырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Ауыз су мәселесі тұрғындар үшін өте өзекті. Сондықтан әрбір шешім уақытылы қабылданып, нәтижелі болу керек. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік саясатты іске асыру барысында Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарының әкімдіктері 2023 жылы іздестіру-барлау жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттарды дайындауды аяқтауы қажет. Мұның барлығы елдімекендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған көрсеткіштерді сапалы орындауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ ол ауызсуға қатысты өңірлердегі қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын ретке келтіру жолын атады.

Жаңадан салынатын және қолданыстағы сумен жабдықтау инфрақұрылымдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ауылдарды сумен қамтамасыз етумен айналысатын пайдаланушы мекемелерге бірыңғай талаптарды бекітуі қажет. Сол арқылы біз жергілікті жерде қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын толығымен ретке келтіреміз, - деді Премьер-министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы