Санжар Жаркешов түрік бизнесмендерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Түркияға сапары аясында QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов түрік бизнесінің өкілдерімен кездесті.

Анкара – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов түрік бизнесінің өкілдерімен кездесті. Жекелей алсақ,  барлау, бұрғылау, ұңғымалар мен өндіру саласында жұмыс істейтін ТРАО ұлттық мұнай компаниясы басшысы, сонымен қатар, тоқыма, энергетика, құрылыс, қаржы, логистика мен медиа саласында активтері бар Çalık холдингінің өкілімен кездесу өткізді.

Бұдан басқа Санжар Жаркешов гидрооқшаулағыш бұйымдар өндіретін Interflex Plastik Yalitim және газ таратумен айналысатын компаниялар тобы Zulfikalar Group өкілімен де іскерлік кездесуге қатысты. 

QazaqGaz басқарма төрағасының Анкараға сапары кезінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар аталған құжат Қазақстан мен Түркия бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп сенеді. 

Меморандум аясында екі жақ өзара ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттары туралы бір-бірін хабардар етеді, өзара іс-қимылды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы