Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды, деп жазады BAQ.KZ.

Жеңіл салмақ дәрежесінде (48 келі) сынға түскен ол грузиялық Сахил Аллахвердовиді 5:0 есебімен жеңіп, ересектер арасындағы дебюттік Әлем біріншілігінде топ жарды.

19 жастағы Тәшкенбай – Азия чемпионы. Астаналық спортшы былтыр жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Бүгін Қазақстанның тағы бір өкілі Дулат Бекбауов (67 келі) алтын медальға таласады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©instagram.com/boxingkazakhstan/
Өзгелердің жаңалығы