21 Қараша 2026, 21:19
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Санжар Еруланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңді.
Қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңді.
Осы салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Асқар Біржанов қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Никита Юдановтан басым түсті.
Осылайша, жарыстың әзірге екі жүлдесі Қазақстан құрамасының еншісінде: бір алтын және бір қола медаль.