Санта-Чечилия консерваториясы өкілдері қазақстандық студенттерге шеберлік сыныптарын өткізді

Мемлекет басшысының 2024 жылғы қаңтардағы Италияға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Италияның қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық саладағы байланыстар, соның ішінде мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастық дамып келеді.

Аталған сапар барысында екі жақтың салаға жауапты министрлері кездесу өткізді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италияның мәдениет министрі Дженнаро Санджулианомен екі елдің өнер саласындағы өзара байланыс мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осы келісім аясында 28 ақпанда мәдениет саласындағы өзара байланыс перспективаларын айқындау және талқылау мақсатында Санта-Чечилияның ең беделді итальялық консерваториялардың өкілдері Қазақстанға келді. Бүгін Аида Балаева делегация мүшелерімен кездесу өткізді.

Министр сан ғасырлық тарихы бар әлемдік өнер орталығы Италияда екенін атап өтіп, Қазақстан үшін мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықты дамытудың ерекше маңызы бар екенін тілге тиек етті.

Консерватория директоры Франко Антонио Миренци жұмыс бағдарламасы аясында Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында және Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінд вокал, фортепиано, пианино, скрипка, камералық ансамбль бойынша итальялық мамандардың шығармашылық кездесулері мен шеберлік сыныптары өткізілгенін хабарлады.

«Біз жоғары оқу орындары студенттерімен, оқытушылармен кездестік, оқу бағдарламасымен, пайдаланылған әдебиеттермен таныстық және әдістеме мәселелерде, студенттерді оқытуда да халықаралық ынтымақтастықтың болашағы айтарлықтай жоғары деген қорытындыға келдік. Студенттердің музыкатану, техника тұрғысынан оқуға деген ынтасы зор, олар көп нәрседен хабардар, дайындықтары жақсы. Олар бұдан әрі де дамуға әзір», - деп атап өтті консерватория директоры.

Сапар қорытындысы бойынша делегация мүшелері оқу процесінде қолданылатын әдістемелер мен технологияларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар дайындайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы