«Саннан сапаға»: ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі мен елдің 15 өңірінде тұтынушылардың 30 қоғамдық бірлестігінің мүдделерін білдіретін "Қазақстан тұтынушыларының Республикалық Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Өзара мүдделердің назарында – тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған және Үкіметтің Жол картасында көзделген іс-шараларды бірлесіп іске асыру. Сондай-ақ, IX Азаматтық форум аясында қоғамдық бірлестіктер айтқан ұсыныстар назарға алынды.
Бұл маңызды оқиғаның алдында өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу, құқықтық базаны құру бойынша ұзақ және тынымсыз жұмыс жүргізілді.
2020 жылғы қазанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі 55 қоғамдық бірлестіктің қатысуымен уәкілетті орган бірнеше рет онлайн кездесулер (жұмыс топтары, Конференция) өткізді.
Бұл кездесулерде Министрліктің бірыңғай ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құрудың өзектілігіне, жұмыс істеп тұрған қоғамдық ұйымдардың құрамына кірудің маңыздылығына, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу қажеттілігіне және т. б. бағытталған бастамалары түсіндірілді.
Ұлттық қауымдастықтың құрылуымен Қазақстанның барлық өңірлерінде оның филиалдары ашылады, ал одақтарды қайта форматтау "саннан сапаға"ұранымен өтеді. Бұл кәсіпқойлар қатарынан қалыптасатын бірлестіктер қызметіндегі тар бейінді бағыттарды дамыту басым бағыт болады дегенді білдіреді.
Ең белсенді 30 қоғамдық бірлестіктің өкілдері министрлік бастамаларын қолдады. Жұртшылық қолданыстағы "Қазақстан тұтынушыларының Республикалық Қауымдастығы" ЗТБ базасында Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығын құру туралы тілектерін білдірді, оның құрамына қаржы, білім беру, ТКШ, туристік және медициналық салаларда тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мамандандырылған қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі кіреді.
Үкіметтік емес ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұстанымын назарға ала отырып, Министрлік "Қазақстан тұтынушыларының Республикалық Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасу туралы шешім қабылдады.
Меморандумның қабылдануы-елімізді абаттандыру тарихындағы маңызды кезең, ол халықтың мәртебесін және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне әсерін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ҮЕҰ үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді және тұтынушылық дауларды шешуге мемлекеттің қатысуын барынша азайтады.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен қауымдастықтың "рупоры" рөлін өзіне алады және оның атынан Парламентте, Үкіметте және халықаралық алаңдарда апелляция беретін болады.