Санкция салу мемлекетке қалай әсер етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы экономист Бауыржан Ысқақов пікір білдірді. 

Санкция бір сөзбен айтқанда шектеу енгізу.  Егер санкцияға салынған кез келген мемлекетте адам құқықтары тапталып, бостандығы бұзылу секілді фактілер анықталатын болса, тиісінше басқа елдер сол мемлекеттің кейбір азаматтарының жүріп тұруына тыйым салады сондай-ақ экономикалық байланыс жасауына шектеулер қойылады, -деді Ысқақов. 

Экономистің сөзінше, мұндай кезде мемлекет қандай себептерге байланысты санкция салынып жатқанын анықтау керек.

Сонымен қатар сарапшы санкция салынған мемлекетке халықаралық инвестициялар ағыны азаятынын атап өтті. 

Мәселен Еуропарламенттің тарапынан салынған санкция декларация түрінде, яғни бұл міндетті емес. Мұны ескерту деп қабылдауға болады. Егер ол келешекте күшіне еніп, халықаралық санкцияға жететін болса онда еліміз инвестициялық тартымдылығына сондай-ақ климатына кері әсер тигізеді. Өйткені мұндай санкция салынған мемлекеттердің кәсіпорындарына немесе қандай да бір бизнес түрлерін жүргізуге шектеулер салынады. Елде экспорт және импорттық тауарлар азаюы мүмкін. Яғни, көлемі мен сандарына шектеу қойылады. Санкциялар тек экономикалық емес кейбір шенеуліктерге де жасалуы мүмкін. Олардың басқа мемлекетке кіріп шығуына рұқсат берілмейді, - деді маман.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы