Санкт-Петербургте баннерге Әлия Молдағұлованың орнына актрисаның суреті орналастырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санкт-Петербургте Ленинград қорғаушыларына арналған баннерде КСРО батыры Әлия Молдағұлованың орнына кезінде батыр қыздың рөлін сомдаған актрисаның суреті орналастырылды. Баннердегі дәлсіздікті жергілікті тұрғын Жанар Құсайынова байқап, fontanka.ru порталына хабарласқан.

«Ерлік алаңында» «Ленинградтың батыр қорғаушылары» плакаты пайда болды, онда Әлия Молдағұлова да бар. Бірақ мәселе мынада, оның нақты фотосуретінің орнына бір кездері батырдың рөлін кинода сомдаған актрисаның суреті орналастырылған, - деп жазды ол. 
Өз сөзін растау үшін ол постердің суретін ұсынған.
Бәрінен бұрын, бұл жерде фотосуреттер әр түрлі стильде жасалғандығы, олардың түрлі жылдары түсірілгені анық көрініп тұр. Әлия Молдағұлова Ленинградты қорғаған және өрімдей жас шағында қаза тапты. Мен ол туралы ақпарат жабық болса түсінер едім, бірақ олай емес. Баннердегі суретте Орта Азияға танымал актриса Айтұрған Темірова. Ол «Мергендер» фильмінде Әлия Молдағұлованың рөлін сомдаған. Оның үстіне, ол тірі, - дейді Санкт-Петербург тұрғыны.

Оның айтуынша, Санкт-Петербург ұлттар үйіне қоңырау шалған кезде, оған «енді олар ұқсайды ғой» деп жауап берген, ал ұлтаралық қатынастар және көші-қон саясатын жүзеге асыру комитеті басқа фотосурет тауып, жіберуді ұсынған. 

Мұндай немқұрайдылыққа жол беруге болмайды. Әсіресе, соғыс жылдарында қаншама адам қаза тапқан қалада, - деп қорытындылады Құсайынова.

Ұлтаралық қатынастар және көші-қон саясатын жүзеге асыру комитетінің хабарлауынша, ұйым қызметкерлері жіберілген қателіктер туралы біліп, қалыптасқан жағдайды анықтауға кіріскен. Ведомствоның баспасөз қызметі баннерлер осы жылдың желтоқсан айының басында қала көшелерінде пайда болғанын атап өтіп, тиісті сатып алуды комитетке бағынышты Санкт-Петербург Ұлттар үйі орналастырғанын айтты. Ұйым өкілінен жедел түсініктеме алу әзірге мүмкін болмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы