Санитарлық дәрігердің қаулысы. Мектеп оқушылары қалай оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
Атап айтқанда, пенитенциарлық (қылмыстық-атқару жүйесі) мекемелеріндегі санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталу алгоритмін өзгерту туралы жазылған.
Маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеушіге, адвокатқа және қорғаушыға шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық іс-шараларды шектеу, -делінген құжатта.
Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі:
– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;
– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып - 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
Сондай-ақ осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес критерийлерге негізделген әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу туралы айтылады.
Бұл ретте карантиндік шараларды күшейту эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда 5 күн ішінде жүргізіледі («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді, -делінген қаулыда.
Қаулы 2021 жылғы 9 наурыз сағат 00-ден бастап күшіне енеді.